Бостанда шеру кезінде атыс болды

27 Тамыз 2023, 07:24 864

Бостонда Кариб мәдениетіне арналған шеру кезінде атыс болып, салдарынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

CNN телеарнасының мәліметінше, жарақат алғандар ауруханаға жеткізілген, дегенмен олар жеңіл-желпі ғана жарақаттанған. Полиция қызметкерлері бірнеше адамды ұстап, олардан қаруды тәркілеген.

Бұл күндері Бостонда Кариб мәдениетіне арналған жыл сайынғы екі шеру өтіп жатыр.

Берік Арманов
Бөлісу: