Қызылордада қан құю кезінде АИТВ жұқтырған болуы мүмкін деген әйелдің жағдайына қатысты жаңа деректер анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерлер сәбидің қан сараптамаларын тексеріп, АИТВ жоқтығын анықтаған. Мамандардың айтуынша, қан берген донорлардан да ауру анықталмаған.
Баланың вирус жұқтырған-жұқтырмағаны туралы ол 1,5 жасқа толғанда нақты анықталады. Қан берген донорлардың барлығы қайта тексерілген, олардан АИТВ анықталмаған.
Тергеу жүріп жатыр, сонымен қатар донорлар қайта тексеріледі, - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы.