Борышкерлер тізілімінде бар-жоғыңызды қалай білуге болады?

6 Қыркүйек 2022, 13:03 5518

Қазақстан азаматы тізілімде пайда болғаннан кейін оған елден шығуға уақытша шектеу қойылады

«Борышкерлердің бірыңғай тізілімі» дегеніміз не? Бұл 40 АЕК-тен жоғары сомадағы борышы бар немесе үш айдан астам уақытта төлемдерді өндіріп алу туралы құжаттарды орындамаған азаматтардың тізімі.Әрине, бұл тізімде өзіңізді күтпеген жерден, мысалы, шекаралық бақылаудан өту кезінде көру ыңғайсыз. Сондықтан әрдайым салықтарды, айыппұлдарды және т. б. уақтылы төлеген дұрыс.

Қалай болғанда да, шетелге шығуды жоспарлау кезінде ыңғайсыз жағдай туындамас үшін алдын-ала тексеріп алған дұрыс.

Мұны борышкерлер тізілімі автоматты режимде жүргізілетін Әділет министрлігінің сайтында (https://aisoip.adilet.gov.kz/) жасауға болады.   

Руслан Мухамадеев
Бөлісу: