Бопсалаумен айналысқан азамат полиция құрығына ілінді

7 Желтоқсан 2023, 02:36 891

Атыраулық полицейлер кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық топты 6 желтоқсан күні ұстады. Олар жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге қаражатын бопсаламақ болған.

Полицейлер 1991 ж.т., 1996 ж.т., 1996 ж.т. және 1998 ж.т. күдіктілер тобын 2 млн 600 мың теңге алу кезінде ұстады.

Олардың деструктивті діни ағым өкілдері екендігі анықталды. Жәбірленушілерді наурыз айынан бері бопсалап, әрқайсысынан 5 миллионға жуық ақша қаражатын иемденбек болған.

Күдіктілер ұсталып, басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталуда.

ҚР ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Берік Арманов
Бөлісу: