«Бопсалаудың құрбаны болдым»: Гүлнұр Мамасарипова жылды қорытындылады

3 Қаңтар, 15:49 2451

Танымал отандық продюсер Гүлнұр Мамасарипова 2023 жылды қорытындылап, жеткен жетістіктері мен өкінішті сәттері жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Келінжан» телехикаясының продюсері бопсалаған актерлер мен өзіне сын айтқандарға қарсы иммунитет қалыптастырып алғанын айтты.

Өтіп бара жатқан жыл мен үшін қаншалықты жеңісті, жемісті болса, соғұрлым «әттеген-айы» көп жыл болды. Кейбір актерлер басыма мініп, секіріп, абьюзерлік әрекет жасаған жыл болды. «Кино зорлық-зомбылығына» ұшырадым. Бопсалаудың құрбаны болдым. Бірақ мен әр қазақ әйелі сияқты дымымды шығармай шыдадым. Енді көп вирусқа қарсы вакцина салдыртып алдым, иммунитет қалыптастырдым, шүкір. Мені көре алмайтын, ақшамды санайтын, «біздің арқамызда» деп сыртымнан пышылдайтындарға да ризамын. Кармаларың өздеріңмен кетсін. Жалпы, жыл қызықты болды. Бірақ қызықтың бәрі алда», - деп жазба қалдырды Мамасарипова.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀Гүлнұр Мамасарипова (@gulnur_mamasaripova)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: