30 Маусым 2014, 10:56
Өте қауіпті жолдарды былай қойғанда, бұл жердің ауа-райы да тосын сый жасай білетін көрінеді. Апатты жағдайлардың біршама бөлігі осы себептен де орын алып жатады. Температура көрсеткіші әдетте 6 – 11 градусты көрсетеді. Сондықтан жол тайғақ болып келеді. Асфальт көлемі тек бастапқы 20 км ғана төселген. Ал қалған бөлігінде ылғалды топырақ пен тасты жолдар. Көп жағдайларды жол бойын тұман басып, келе жатқан жүргізушілерге қиындық туғызатын жағдайлар да жиі кездеседі. Бұндай кезде аса сақтықпен ақырын ғана жүру қажет.
Өте қорқынышты атауды бұл аумақ 1999 жылы орын алған қайғылы оқиғадан кейін алған. Израильден келген 8 турист мінген жеңіл автөкөлік әлгі тар жолдан өте алмай төменге қарай ауып кеткен. Дегенмен, ең қорқынышты апатты оқиға 1983 жылы 24 шілдеде орын алған. Каоньон жүзден аса жолаушысы бар автобусты жұтып қойған деседі. Бұл жағдай – Болвиядағы ең ірі әрі қайғылы жол апаты ретінде есептеледі.
«Өлім жолы» туристер арасында танымал болғаны соншалық, адамдар адреналинді сезіну үшін қуана-қуана көліктерімен және велосипедтерімен төмен қарай тұсуді жөн санайды екен. Бірақ, өкінішке орай көпшілігінің жеңіл оймен келген жоспарлары қайғылы жағдайлармен аяқталып жатады. Ал жергілікті тұрғындар Құдайдан дұға етіп күндегі жолымен жол жүре беруді әдетке айналдырыпты.
Десекте, 70 км-ге созылып жатқан осынау қорқынышты жолды да қауіптілігі жағынан ысырып тастай алатын жер бар көрінеді. Ол - Бангладештегі «Өлім жолы». Егер де расында Боливия жолынан асып түсетін жолдың бары дәлелденсе, ондай жерді «жол» деп емес, қысқаша ғана «өлім» деп атау жөн болар.