Боливияда әуежай аумағы өртенді

12 Тамыз 2023, 21:32 14868

Боливиядағы Виру-Виру әуежайының аумағында алапат өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тілсіз жау тез тарап, ұшу-қону жолағына жетіп қалған. Осыған байланысты әуе айлағы уақытша жұмысын тоқтатты. Барлық қызметкер эвакуацияланды. 

Қазір оқиға орнында ондаған өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеп жатыр. Ресми дерек бойынша жалынға аптап ыстық пен құрғақшылық себеп болған. 

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жайлы әзірге ақпарат жоқ.

Берік Арманов
Бөлісу: