«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы ауысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Болат Жәмішевтің орнын Ләззат Шыңғысбаева басты.
Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоры құрылған 2022 жылдан бастап оны Болат Жәмішев басқарып келді.
Жәмішев өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қордағы қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған.