Болат Назарбаев шұғыл түрде ауруханаға түсті

4 Қараша 2023, 19:01 7101

Бірқатар дереккөздердің хабарлауынша, экс-президенттің інісі Болат Назарбаев ауыр жағдайда Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылған, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі 365info.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Болат Назарбаев 3 қараша, жұма күні кешке қайта миокард инфарктісіне күдікпен ОКБ-ға шұғыл жеткізілді. Қазіргі уақытта Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр және тұрақсыз, бүйрек жеткіліксіздігі көрсеткіштерінің нашарлауы байқалады.

Бұған дейін ол соңғы 2 жыл бойы төсек тартып жатқандығы туралы хабарланған болатын. Өздеріңіз білетіндей, оған қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігінің болуымен асқынған көмей қатерлі ісігі диагнозы қойылған.

Берік Арманов
Бөлісу: