Прокурор аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деп айыпталған Астана Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік айыптаушы Азамат Тоқтарбай мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов пен инженер Мәди Қанапинге жаза тағайындауды сұрады.
Болат Мажағұловты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі көлемде иемдену немесе талан-таражға салу") бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын, – деп мәлімдеді прокурор.
Tengrinews.kz мәліметінше, Инженер Мәди Қанапинді Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі ("Көмектесу") және 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.