Болат Мажағұлов 8,6 жылға сотталды

Бүгiн, 16:04 251

Астана қаласының мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деп айыпталған экс-шенеунік 8,6 жылға сотталды. Сонымен қатар ол барлық наградасынан айырылды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Азамат Тоқтарбай Мажағұловты 10 жылға қамауды сұраған

Болат Мажағұловты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі көлемде иемдену немесе талан-таражға салу") бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын, - деген еді ол.

Сонымен қатар осы іс бойынша инженер Мәди Қанапин 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: