Қостанайда бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Спорттық додада 2011-2012 дылы туған спортшылар бақ сынауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ел біріншігілігіне еліміздің 20 өңірінен келген 385 боксшы қатысуда. Жарыс қорытындысы бойынша 2025 жылғы Азия чемпионаты мен Дүниежүзілік гимназиядаға қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады.
Қазақстан чемпионаты 31 қаңтарға дейін жалғасады.