Бүгін бокстан Қазақстан құрамасы Испанияға ұшып келді. Былғары қолғап шеберлеріміз Аликанте қаласындағы бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұнан соң құрама спортшылары 3-9 ақпан аралығында халықаралық турнирде бақ сынайды.
Испанияға аттанған боксшыларымыздың тізімі төмендегідей:
48 келі: Ернар Қарап, Нұрзат Оңғаров;
51 келі: Ернұр Қайрат, Рамазан Нұрлыбаев;
54 келі: Бағлан Кенжебек, Ақтілек Орынбасар, Жандәулет Сәрсенбаев;
57 келі: Жасұлан Тілеумбек, Ерхан Тұрдан;
60 келі: Шыңғыс Мусинов, Бейбарыс Жексен;
63,5 келі: Алмат Абдуали, Жандос Қыдыралиев;
67 келі: Дулат Бекбауов, Елнұр Сүйінбай;
71 келі: Дархан Дүйсебай, Аман Қонысбеков;
75 келі: Диас Молжігітов, Мақсат Өтегенов;
80 келі: Дәулет Төлемісов;
86 келі: Бекнұр Батырбек, Темірлан Мұқатаев, Бекзат Таңатар;
92 келі: Мәди Әміров. Нурмагамед Юсупов;
+92 келі: Даниял Сапарбай.
Әйелдер:
48 келі: Роксана Гасымова;
60 келі: Гүлжайна Уббиниязова;
70 келі: Бақыт Сейдіш;
75 келі: Диана Мағауияева.