Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бірінші орын алды

7 Мамыр, 21:02 962

Қазақстан құрамасы бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орын алды. Отандық боксшылар 24 медаль еншіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерлер арасында командада саңлақтарымыз 8 алтын және 5 күміс медальға қол жеткізді.  

Азия чемпионы атанғандар: Кенже Мұратұлы (51 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Елнұр Сүйінбай (67 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Ерасыл Жакпеков (80 келі), Темірлан Мұқатаев (86 келі), (92 келі) Бекнұр Батырбек
Күміс жүлдегерлер: Ернар Қарап (48 келі), Ерболат Сабыр (57 келі), Руслан Күзеубаев (60 келі), Ерасыл Таңқай (63.5 келі), Аманат Сабырғали (+92 келі).

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 11 медаль иеленді: 6 алтын, 4 күміс, 1 қола.

Чемпиондар: Гүлнар Тұрапбай (50 келі), Шахназ Исаева (60 келі), Ақнар Ишанова (66 келі), Жасмин Қизатова (70 келі), Диана Мағауияева (81 келі), Елдана Талипова (+81 келі).

Күміс жүлдегерлер: Анита Адишева (52 келі), Элина Базарова (54 келі), Әнел Сақыш (57 келі), Анар Тұрсынбек (63 келі), 
Қола жүлдегер: Анастасия Баязитова (75 келі).

U22 Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Үндістан және Өзбекстан үздік үштікте. 

Перизат Саденова
Бөлісу: