Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері ауысты

1 Сәуір, 20:00 809

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері болып Елдос Сайдалин тағайындалды. Ол 2021 жылдан бері бас бапкер болған Шәміл Сафиуллинді алмастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елдос Жәнібекұлының бапкерлік өтілі - 16 жылдан астам. Оларағанды облысы балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде жаттықтырушы болған.

2020 жылдан бері әйелдер боксынан Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамаларының аға бапкері қызметін атқарған. Оның жетекшілігімен 2021 жылғы Әлем чемпионатында қыздарымыз 2 күміс, 3 қола медаль еншілеген.

2022 жылы Әлем чемпионатында жастар құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Ал 2023 жылы Астанада өткен жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қыздары ел қоржынына 8 алтын, 4 күміс және 9 қола медаль салды. Сондай-ақ, былтыр Арменияда өткен жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік додада 3 алтын, 5 қола медаль жеңіп алды. 

Перизат Саденова
Бөлісу: