Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері дайындық барысы туралы айтты

26 Шілде, 20:11 628

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының бас бапкері Елдос Сайдалин жеребе қорытындысына қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жеребе тартылып алғашқы қарсыластарымыз анықталды. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер. Бұл – Олимпиада, ешқашан осал қарсылас болмайды. Олимпиадаға бокстасамыз деп келдік. Жеребе жеңіл түссе де, ауыр түссе де ешкімнен қашып құтыла алмаймыз. Сол үшін кіммен болса да қарсыласуға дайынбыз, - деді бас бапкер.

Сонымен қатар, Сайдалин шәкірттерінің мүмкіндігі туралы да айта кетті.

50 мен 57 келі салмақта 22 боксшыдан болса, 75 келі салмақта 16 боксшы қыз жұдырықтасады. Осыдан-ақ, кімге қандай мүмкіндік барын бағамдай беруге болады. Жалпы, бізге ешқашан босаңсуға, шаршы алаңда қателесуге болмайды, - деді бас бапкер.

Зарина Арман
Бөлісу: