Бокстан Қазақстан командасы Нью-Делиде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын алты медальмен аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Екінші орында Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) және Лаззат Кунгейбаева (81 келіден астам) орналасты.
Сондай-ақ команданың активінде төрт қола медаль бар. Олардың авторлары Алуа Балкибекова (48 келіге дейін), Надежда Рябец (66 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін) және Фариза Шолтай (81 келіге дейін) болды.