Бокстан 9-16 наурыз аралығында Сербияның Ниш қаласында өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
48 келі. 21 қатысушы
1/8 финал
Назым Қызайбай - Николь Дурикова (Сербия).
2024 жылы мамыр айында Париж Олимпиадасының лицензиялық іріктеу кезеңінде кездесіп, Назым жеңіске жеткен.
50 келі. 23 қатысушы
1/16 финал
Алуа Балқыбекова - Кристин Онгаре (Кения)
52 келі. 22 қатысушы
1/16 финал
Анита Адишева - Итцель Патино Хуарес (Мексика)
54 келі. 29 қатысушы
1/16 финал
Жайна Шекербекова - Кели Бесерра Монтесинос (Колумбия)
57 келі. 30 қатысушы
1/8 финал
Карина Ибрагимова - Колумбия немесе Пуэрто-Рико өкілінің қай жеңгенімен шығады.
Париж Олимпиадасында Карина 1/8 финалда Ашлейн Лозадаға (Ashleigh Lozada, Пуэрто-Рико) есе жіберген болатын.
60 келі. 19 қатысушы
1/8 финал
Виктория Графеева - София Легаки (Грекия)
63 келі. 22 қатысушы
1/8 финал
Аида Әбікеева - Қытай немесе Словакия өкілінің жеңгенімен жұдырықтасады.
66 келі. 14 қатысушы
1/8 финал
Жасмин Қизатова - Ивануза Морейра (Кабо-Верде) – Париж Олимпиадасының қатысушысы
70 келі. 17 қатысушы
1/8 финал
Наталья Богданова - Лейре Мас Мартинес (Испания)
75 келі. 14 қатысушы
1/8 финал
Надежда Рябец - Мари Корома (Сьерра-Леоне)
81 келі. 13 қатысушы
1/8 финал
Гүлсая Ержан - Ян Ли (Қытай)
+81 келі. 11 қатысушы
1/8 финал
Елдана Талипова - Олтиной Сотимбаева (Өзбекстан)
2024 жылы Азия чемпионатының финалында кездесіп, жерлесіміз жеңген.