Бокстан әлем чемпионатында бүгін 3 боксшы шаршы алаңға шығады

8 Мамыр 2023, 09:12 1306

Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін ұлттық құрамасының үш боксшы жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

8 мамырда сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда 54 келідегі Махмуд Сабырхан (венгриялық Иштван Сакоймен шеберлік байқасады. 

Ал кешкі сессияда 48 келіде Санжар Ташкенбай өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен кездессе, оныншы жұпта Сағындык Тоғамбай (86 келі) тағы бір өзбекстандық Шохжахон Абдуллаевпен айқасқа шықпақ.

Әлем чемпионаты басталғалы бері төрт боксшы жарысты аяқтады. Олардың қатарында, Сәкен Бибосынов, Талғат Сырымбетов, Санатәлі Төлтаев пен Айбек Оралбай сынды боксшылар бар. 

Сондай-ақ, 1/16 финалда Үндістан боксшысы Дипак Кумарға есе жіберген Сәкен Бибосыновтың нәтижесіне бапкерлер келіспейтіндіктерін білдіріп, шағым түсірген еді. Алайда төрешілер шешімі еш өзгеріссіз қалды. 

Бұған дейін 67 және 71 келіде сынға түскен боксшылар жеңіске жеткен болатын. Бүгінгі сында ұлттық құраманың тағы үш мүшесі сынға түседі. Олардың қатарында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев та бар.  

Асқар Таудай
Бөлісу: