Бокстан әлем чемпионаты: Жайна Шекербекова алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді

18 Наурыз 2023, 21:01 1351

Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында Әлем чемпионаты өтуде

Әлем чемпионаттарының 3 дүркін жүлдегері Жайна Шекербекова Нью-Делидегі әлем біріншілігінде алғашқы қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. 

Оңтүстік Кореялық Им Э Джимен өткен жекпе-жекте отандасымыз қарсыласына қазақ боксының қыр-сырын көрсетіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетсек, 5 жыл бұрын Жайна дәл осы үнді рингінде финалға дейін жеткен еді. Енді бұл жолы, мойнына алтын тақса екен деген ниетіміз бар.

Келесі жекпе-жекте Жайна Шекербекова 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы – өзбекстандық Нигина Уктамовамен жұдырықтасады.

EL.KZ
Бөлісу: