Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің атым - Қанат Ислам. Мен кәсіби боксшымын. Біз Qazaq promotion компаниясы 2016 жылдан бері кәсіби бокс кештерін өткіземіз. Қазір танымал болған Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахметов, Айдос Ермосынұлы сияқты спортшылар осындай кештердің бірінде алғаш рет дебют жасаған болатын. 2019-2020 жылдардан кейін әртүрлі себептермен біз кәсіби бокс кештерін өткізе алмай келеміз. Сіз осындай бокс кештерін өткізу мүмкіндігін жеке қолдап, бақылауға алсаңыз деп үміттенеміз, - деп жазды Қанат Ислам.
Сондай-ақ ол боксшылар 2-3 ай бұрын кәсіби бокс кешін өткізуге көмек сұрап хат жазғанын, бірақ жауап алмағанын да атап өтті.
Қанат Исламның айтуынша, қазір кәсіби бокс кешіне дайындық жүріп жатыр.
Еліміздің 10 спортшысы 16 желтоқсанда Астанада өнер көрсетуге дайындалуда.
Қанат Ислам мемлекет басшсының көмегі мен қолдауына үміттенеді.