Боксшы Нұрбек Оралбай сүйіктісін жолықтырмағанын айтты

Бүгiн, 05:01 129

Бокстан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай тележүргізуші Динара Сәтжанның бағдарламасында қонақта болып, жеке өміріне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, Нұрбектің сыңары Айбек үйленіп, отау құрған. Ал егіздердің кішісі сүйіктісін әлі жолықтырмапты.

Жүрегім бос. Әлі ұнайтын қызды жолықтырған жоқпын. Айбек үйленген соң біз Олимпиадаға дайындыққа кірістік, себебі басты мақсат – Олимпиадаға қатысу болды. Медаль алу үшін тынымсыз жаттығу жасадық. Қазір қыз іздеп жүрмін, өйткені бұған дейін уақыт болған жоқ, - деді Нұрбек Оралбай.

Перизат Саденова
Бөлісу: