Боксшы Назым Қызайбай қарсыласынан жеңіліп қалды

19 Наурыз 2023, 20:07 1204

Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында Әлем чемпионаты өтуде

Бокстан əлем чемпионатының 4-жарыс күні Ұлттық құрама үшін сəтсіз басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. 

Команданың ұзақ жылдан бергі көшбасшысы, 2 дүркін əлем чемпионы Назым Қызайбай Делидегі алғашқы кездесуде жеңіліп қалды. Ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 50 кг дейін салмақта вьетнамдық Тхи Там Нгуеннің мықты екенін мойындауға мəжбүр болды.

Жекпе-жек тартысты өтіп, 2 боксшы көп соққы жасаған. Бірақ төрешілер жеңісті Вьетнам боксшысына берді.

EL.KZ
Бөлісу: