Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) жекпе-жек алдында қарсыласымен көз түйістірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық боксшы айқасын 15 сәуірде Инчхонда (Оңтүстік Корея) өткізеді. Жеңілмеген жерлесіміздің қарсыласы – жапониялық Казуто Такесако (15-0-1, 14 КО).
«Қарсыласпен бетпе-бет кездесіп, алғашқы көз түйістіру өтті. Салмақ орнында, жаттығу аяқталды. Енді 15 сәуір күні шаршы алаңда шоу көрсетеміз», – деп жазды Нұрсұлтанов Instagram парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Нұрсұлтанов қазір WBO рейтингінде төртінші орында тұр.
Ол бұған дейін шаршы алаңға былтыр қазан айында Люблинде (Польша) шығып, аргентиналық Марсело Эстебан Косересті жеңді.