Блокчейн туралы қазақ тіліндегі кітаптардың 8 мың данасы жарық көрді

6 Желтоқсан 2023, 14:01 1009

Астанада белгілі кəсіпкер, меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қорының негізін қалаушы Исламбек Салжановтың бастамасымен студенттермен кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Жиынға «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Əсел Жанасова, Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Ғазиза Нұрғалиева жəне Блокчейн технологиялары мен деректер орталықтары қауымдастығының басқарма төрағасы Дəурен Қарашев қатысты.

Iс-шара барысында Исламбек Салжанов қазақ тілінің білім берудегі өзектілігіне тоқталып, кітаптарды қазақ тіліне аудару – еліміз үшін басты міндеттердің бірі екенін жеткізді. Сондай-ақ, еліміздегі барлық қалалық жəне аудандық кітапханаларға 8 мың дана кітап тапсырылатынын хабарлады.

Бүгін біз, Altyn Qyran Foundation, Қазақстан блокчейн технологиялары жəне деректер орталықтары қауымдастығы, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамымен, сондай-ақ Ұлттық академиялық кітапханамен жəне «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп атқарған жақсы жұмысымызбен бөліскіміз келеді. Қазақ тіліндегі жаңа технологиялар туралы төрт əлемдік бестселлер еліміздің барлық қалалық жəне облыстық кітапханаларының сөрелеріне жіберіледі. Олар «Блокчейн технологиясы», «Ақшаның қысқаша тарихы», «Криптовалюта дəуірі» жəне «Шындық машиналары» - ең қолжетімді жəне блокчейн технологиялары, криптоиндустрия, WEB3 қандай екендігі жəне прогресс қайда жатқаны туралы қызықты 4 əлемдік кітап, - деді меценат.

Бұл кітаптардың барлығы онлайн форматта «Алтын Қыран» қорының ресми сайтында қолжетімді.

Ал қазір біз өте күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Бəрімізге блокчейн технологиясы, жасанды интеллект, заттардың интернеті, кеңейтілген виртуалды шындық жəне т.б. сияқты жаңа технологияларды меңгеру керек. Ал болашақта оларға өзіміз де бір нəрсе қосуға тиіспіз. Бұл технологиялар əлі даму сатысында. Ал біз, қазақстандықтар, ең алдымен, жастар осы үдерістердің басында болуымыз керек. Бұл кітаптарды еліміздің барлық 168 аудандық кітапханаларына жеткізу арқылы біз Қазақстанның ауыл жастарының жаһандық инновациялық білімге қол жеткізуіне мүмкіндік береміз. Бұл кітаптарға онлайн қолжетімділік əрбір қазақстандыққа инновациялық технологияларды меңгеруге жол ашады, - деді спикер жастарға.

Сондай-ақ іс-шарада Блокчейн технологиялары жəне дата орталықтары қауымдастығының басқарма төрағасы Қарашев Дəурен «Блокчейн, криптоиндустрия жəне Web3 дегеніміз не» деген тақырыпта баяндама жасады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: