Блогерлерге хиджаб кигені үшін ақша ұсынады – Динара Сәтжан

19 Мамыр 2023, 17:11 2349

Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде миллиондаған оқырманы бар қазақстандық жұлдыздар арасында хиджаб киіп, дінге жақындығын көрсетуге тырысатындар көбейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл киім үлгісінің қазаққа тән емес екендігін айтып жатқандар да, оларды қолдайтындар да бар. Пікір қақ бөлінген. Дін тақырыбы қашан да қызу талқыланатын тақырып екені сөзсіз.

Ал танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның әлеуметтік желіде жазған мына жазбасы онсыз да көңілдерінде күдік ұялап жүргендерді тіпті үрейлендіріп қойды. Себебі ол жұлдыздарға хиджаб кию үшін ақша ұсынатындар бар дегенді алға тартады. 

Біздің өз мәдениетіміз бен дәстүріміз бар. Келер ұрпаққа жеткізуіміз керек тарихымыз бар. Бірнеше онжылдықтан соң қазақ қыздары түгел қап-қара хиджаб киіп жүрсе, өзіңіз ойлаңызшы. Біздің қалауымыз осы ма? Бұл мәселені неге көтердім? Себебі блогерлерден оларға хиджаб кию үшін қомақты қаржы ұсынғанын естігенмін. Мен осыдан қорқамын, - деді Сәтжан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

Соңғы кездері ел алдында жүрген бірқатар блогер-әншінің бірден хиджаб киіп шыға келгенін түсінбей қалғандар көп. 1 млн оқырманы бар Рамина Таипова, 3 млн оқырманы Кәмшат Жолдыбаева, 3,9 млн оқырманы бар әнші Айдана Меденова, 500 мыңнан астам оқырманы бар Бота Болабекова, 3 млн оқырманы бар Мөлдір Әуелбекова хиджаб киді.

Әрине, біз аттары аталған бойжеткендерді хиджабты ақша үшін киді деп айтудан аулақпыз. Бізді мазалайтыны – Қазақстанда хиджаб киюді насихаттау шынымен белең алғаны ма деген сұрақ және бұл кімге қажет? Егер блогерлерге ақша ұсынса, оның артында кімдер тұр?

Мадина Асылбекова
Бөлісу: