Блогер полициямен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргізді

24 Мамыр, 23:15 716

Түркістан облысында белсенді блогер, жеке кәсіпкер Азамат Байбосынов полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысып, бір күн бойы бірлесіп қызмет атқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-не сілтеме жасап.

Шараның мақсаты- кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, оның ішінде электроциклдер мен мопедтерді басқару жайттарының алдын алу. Осыған байланысты қоғам белсендісі тәртіп сақшыларымен бірге тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жаңа заңға сәйкес 18-ге толған электроцикл мен мопед басқарушыда арнайы жарық шағылыстыратын белгі мен шлем, жүргізуші куәлігі болуы шарт.

Зарина Арман
Бөлісу: