Бизнестегі сәтсіздіктер түрі

4 Қараша 2014, 08:05

Сәтсіздікке ұшыраған жобаларды талдап отырып, олардың орын алуларының екі түрі бар екендігін таптық.

Негізі бизнес әлемінде жобалардың көбісі сәтсіздікке ұшырайды. Көптігі соншалық, санау да мүмкін емес. Зерттеп қарасаңыз, сол жобалардың көпшілігі де бір-бірін қайталайды, немесе біріншісінің жасағанын, екіншісі қайталайды. Тағы да сәтсіздікке ұшырайды. Бір жағынан қарасаңыз, ақылға симайтын, ақымақтың ісіне ұқсайды. Екінші жағынан қарасаңыз, сәтсіздікке ұшырамаған жобалар, сол дәрежеге жеткенге дейін жұмсаған құнының барлығын өтеп алады.

Мысалға, мұнай бизнесі. Адамдар мұнай өндірумен айналысып келе жатқандарына бірнеше ғасыр өтті. Осыдан 25 жыл бұрын, бұрғыланған 10 ұңғыманың 9-ы сәтсіздікке ұшырап, жабылып қалатын. Яғни, 90%-нан мұнай шықпайтын. Осы фактіге қарап, мұнай бизнесі сәтсіз бизнес деп тағы айта алмайсыз. Дүниежүзіндегі ең алып компаниялар осы мұнай өндіру бизнесінде. Сәтті болған 10% жоба сәтсіз болған 90% жобадан салмақтырақ боп шықты.  Демек, жобаны дайындар алдында оның сәтсіз болуынан қорыққанша, оны қалай ұйымдастырсам дұрысырақ болады деп ойланған жөн. Басқаша айтқанда, егер мұнай өндіргің келсе, тереңірек бұрғыла.

Сәтсіздікке ұшыраған жобаларды талдап отырып, олардың орын алуларының екі түрі бар екендігін таптық.

Шарасыз сәтсіздіктер

Шарасыз сәтсіздік дегеніміз – ол жобаның қатері (риск). Жобаны бастаған уақытта есіңізде болу керек бір шарт – жобаның өз қатері болады. Әсіресе жекелеген заттарға фокусталған қатерлер. Мұнай бизнесінде ол – геологиялық сенімсіздік, толық емес мағлұматтар және тағы басқасы. Ал, ойын индустриясында ол – ойын механикасы мен геймерлерге қатысты қатерлер.

Сіз бұл қатерлерді алып тастай алмайсыз, себебі, бұл қатерлер сіздің жұмыс жасайтын салаңыздың бір міндетті бөлігі. Сіз тек ол қатерлердің қаупін жеңілдете аласыз. Жекелеген бөлімдердегі мықты мамандарды шақырып, немесе статистикалық және портфолиолық менеджмент техникаларын қолданып, қатердің болу қаупін азайтуыңыз қажет.  Шарасыз сәтсіздік жоба менеджментіне түк те қатысы жоқ. Жоба менеджерлерінің жұмысы тек жақсы деген сарапшылар мен мамандардың табылып, олардың жұмысын бақылау. Портфолио менеджеріне қатердің алдын алуға керекті ақпаратты беру, одан кейін жоба менеджерінің жұмысы аяқталады.

Алдын алуға болатын сәтсіздіктер

Бизнестің негізін дұрыс түсінбегенде болатын сәтсіздік бұл – алдын алуға болатын сәтсіздіктер. Бұл категорияға кіретін заттар: адамдармен дұрыс байланыс жүргізе алмау, әлсіз материалдық демеушілік, қате есептеу, уақытты тиімсіз жобалау.

Көп жобалау сәтсіздіктерді зерттейтін кісілер тек алдын алуға болатын сәтсіздіктерді ғана айтады. Шарасыз сәтсіздіктер жайлы сөз қозғамайды.

Негізі шарасыз сәтсіздіктердің алдын алу өте қиын. Ол үшін саласының өте мықты маманы керек. Маман болғанның өзінде де сізде үлкен қатерлер болады (егер сіз ешқандай ұңғыны бұрғыламасаңыз тіпті ешқандай мұнай шығара алмайсыз).

Сол үшін портфолио қатерлер менеджментін үйренгеніңіз жөн. Яғни, жобаларды егжей-тегжелі зерттеу, қолыңызда бар қаржыны керегіне қарай жұмсау, жобаңыз пайда алып келмейтіндігін байқаған сәттен оның жұмысын ертерек тоқтату (көптеген компаниялар жоба жұмысын тоқтатуды кештетіп алады).

Жоба менеджмент саласындағылар алдын алуға болатын сәтсіздіктер жайлы көп айтады, алайда, шарасыз сәтсіздіктер жайлы да ұмытпағандары жөн. Олардың болу мүмкіншілігін қысқартуымыз керек.

Сурет дереккөзі: Aikyn.kz
Бөлісу: