Бизнеске айналып кетпей ме - депутат электромобильдерге арналған тегін тұрақ жайлы

17 Қаңтар, 12:42 799

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек электромобильдерге арналған арнайы тегін тұрақ пайданың көзіне айналуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Мәжілісте электромобильдерге мүмкіндік жасау жөніндегі заң жобасы талқыланды.

Бұл заң жобасын қолдаймын. Дегенмен осы заңға қатысты екі сұрағым бар. Заң аясында тұрақтарды не себепті жер кодексіне кіргізбегенсіздер? Сәулет-құрылыс туралы заң жобаға кіріп, арнайы электр қуаттандыру станцияларын енгізіп жатырсыздар. Ал қуаттандыру станциясына деген арнайы жоба әзірленеді. Автотұрақ болып есептелінбейді. Жер кодексіне не себепті арнайы жер рәсімделеді. Оның нысандалы жұмысы басқа болуы керек, - деп сұрады мәжілісмен.

Депутат тегін тұрақтар пайда күнемдердің қолына өтіп кете ме деп алаңдайтынын жеткізді.

Жол қозғалысы туралы заңның 42 бабы бойынша электр қуаттау станцияларында басқа электромобильді көлігі жоқ азаматтар өзінің көлігін қоя алмайды. Алматыдағы «Алматы паркинг» ұқсап, бос жерлердің барлығын электромобильдерге арнайы алып, пайданың көзіне кенелмей ме?, - деді ол.

Әділет министрлігі өкілі депутаттың сауалына бұл мәселе әлі де қаралып жатқанын атап өтті.

Миражан Махан
Бөлісу: