Біздің міндетіміз – зауыттың шағын көшірмесін жасау - колледж студенті

16 Қараша, 16:15 453

Қазақстандық колледж студенттері болашақ мамандықтарын игеруде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз етуге баса назар аударды. Бұл мәселенің шешімі тек жоғары оқу орындарында ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында да мамандар даярлауға байланысты. WorldSkills чемпионатына қатысатын қазақстандық колледж студенттері жаңа технологияларды игеруде. Оқу процесінде мехатроникаға алдыңғы қатарлы бағыттардың бірі ретінде ерекше назар аударылады. WorldSkills алаңында жастардың үздік әзірлемелері ұсынылған.

Бұл заманауи зауыттарға еліктеуден туған жұмыс. Бөлшектер, қосалқы бөлшектер жиналатын робот зауыттары бар.. Мен осы бағытты таңдадым, өйткені ол әлі де қарқынды дамиды. Болашақта бұл мамандық өте пайдалы болады. Біз бір орында тұрмауымыз керек, дамуымыз керек. Жаңа жобалар жасау қажет. Жаңа жабдықтар мен технологиялармен бізде жаңа мүмкіндіктер пайда болады, барлық жұмыс үдерістері әлдеқайда жеңілдейді», — деді Astana Polytechnic жоғары колледжінің студенті Дмитрий Савилов.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: