Біздің де спорттық би әлемдік деңгейден көрінер күн алыс емес – Темірлан Саматұлы

11 Қараша 2022, 14:44 3000

Темірлан спорттық бимен  он жасынан бастап шұғылданған. Алғашында  халық билерін билеуден бастаған ол кейін осы бір сымбатты спорт түріне  қызыққан. Темірланның айтуынша, спорттық бидің Латын Америкалық түрі өте тартымды. Спортшыдан қимыл-қозғалыстың сұлулығын, шапшаңдығын әрі жинақылығын талап етеді. Бүгінге дейін ол жұбы  Алтынай Маратпен бірге  өнер көрсетіп, Қазақстан және Әлем чемпионаттарында үздік атанған.  

Жетіген – ғасырлардан жеткен ұлттық мирасымыз – Наргиз Мұратхан

Жас талант Наргиз Мұратхан жетігенші, қалалық, республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Ол бабамыздан жеткен ұлттық аспап – жетігенді жанына серік еткен. «Жетігеннің үнінде жанға шуақ шашатын қуаныш та, жүректің қылын шертететін  нәзік мұң да бар», – дейді жас талант. Бүгінде Наргиз Мұратхан жетігенмен ұлттық күйлермен қоса,   шетелдің классикалық шығармаларын да ойнап жүр. Мақсаты – әлемдік деңгейдегі өнер додаларына қатысу.

Бөлісу: