Біздің жетістігіміз – бейбітшілік пен келісім

27 Ақпан 2018, 03:16 1759

«27 ақпанда  Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданына қарасты, Подстепное аулының мәдениет  үйінде  1 наурыз Алғыс айту күніне «Біздің жетістігіміз – бейбітшілік пен келісім» атты медиация кабинетінің ашық есік күнінің аясында  «Медиатор – бейбітшілік пен келісімнің кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Капаков, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы А.Рахишева мен медиаторлары және кәсіби мен қоғамдық медиаторлар қатысты.  Шараның басында Теректі ауданының әкімі К.Жақыпов Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын орындау мақсатта, ауданда рухани сананың жаңғыруына, салт-дәстүрді дамытуда ауылдық, аудандық қоғамдық келісім, аналар кеңестері және аудан бойынша 17 қоғамдық медиаторлардың нәтижелі жұмыс жасап келе жатырғанын айтып,  «Алғыс айту» күніне орай қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласқан бірнеше қоғамдық медиаторларды және қоғамдық медиаторлар құрамынан құралған «Япурай» ансамблін алғыс хатпен марапаттады.

Сонымен қатар, аталған ғимаратта медиация кабинетінің ашылу салтанаты болып, ауданның тізіміне жаңадан қосылған қоғамдық медиаторлар таныстырылды.  Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Кусаинова медиацияны округта қолдануда екендігін, бұрынғы даулар мен қазіргі дау арасындағы айырмашылықтарға тоқталып, ашылған кабинетте қоғамдық медиаторлар кезектесіп, күн сайын өздерінің даулы жағдайларымен жүгінген азаматтарды қабылдап, кеңес беріп отыратынын айтып өтті.  

 Шара соңында қатысушылар пікір алмасып,  аудандық көркемөнерпаздардың коцертін тамашалады.

 

Бөлісу: