Біздің күшіміз бірлікте!

4 Мамыр 2018, 02:01 3034

Дәл осындай атаумен, Көкшетау қаласында «Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен, үшінші орыс және казак әндерінің қайырымдылық фестивальі өтті.

Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов, аталмыш фестиваль әркезде де құдіретті ән өнерінің арқасында ұлттар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, рухани бірлікті дамытып, достық пен келісімді жетілдіретініне сенімді екенін білдірді.

Қазақстан Республикасындағы Ресей серіктестігі өкілділігінің басшысы Виктор Нефедов фестиваль қатысушылары мен қонақтарын құттықтаса,  іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, Ақмола облысының орыс қауымының төрағасы Александр Артеменко – аталмыш фестивальден түскен қаражаттың барлығы Көкшетау қаласындағы кафедралды собордың құрылысына жұмсалатынын айтты. Көкшетау қ. Архангел Михаил шіркеуінің діни қызметкері Константин әкей: жаңа мешіт пен салынып жатқан шіркеудің бір көшеде, бір-біріне жақын орналасуы, еліміздегі мызғымас бірлік пен келісімнің керемет үлгісі екенін ерекше атап өтті.

Мен Қазақстанды дархан даласы үшін сүйем,

Биік таулары және шулы өзендері үшін.

Көгімде қалықтаған қыран құс үшін,

Бейбіт күні мен ашық аспаны үшін сүйем.

Адамдардың достығы мен бірлігі үшін,

Олардың адалдығы мен парасаттылығы үшін сүйем.

- Бұл сөздер фестивальдің ұранына айналды. Ең алғаш сахнаға Ақмола облысы орыс қауымының жанындағы вокалды студиясының әншісі Анастасия Ушакова «Тек алға» әнімен шықты. Концерттік бағдарламаны өңір халқы арасында танымал, жылдан жылға орыс және казак әндерінің мұрасына өздерінің адалдықтарын дәлелдеп келе жатқан «Русская песня» халықтық  ансамбльі жалғастырды. Бұл жолы да Зоя Авилова басшылық ететін ансамбль көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Соныман қатар жеке ән орындаған Татьяна Ильченко  және Нина Ивановалар да қошеметсіз қалған жоқ.

Петропавл қаласынан келген «Звонница - Наследие» казак вокалды- хореографиялық ансамбльінің іс-шара барысындағы күллі өнер көрсеткен әнші және ұжымдардың өнерлеріне сән кіргізді. Бұл ансамбльдің басқалардан ерекшелігі, аталмыш өнер ұжымы ән де айтады және би де билейді.

Өздерінің ерекше дауыс ырғақтары және ән орындау мәнерлерімен залға жиналғандардың көңілінен шыққан Қорғалжын ауданының казак әндерінің ансамбльі «Казачья слобода» және «Русская песня» ансамбльідері, Петропавл қаласынан келген жеке орындаушы Антон Гуторов және Астана қаласының өнерпазы Ольга Еськова-Басс болды. Көрермендерге мол қуаныш сыйлаған өнерпаздардың қатарында «Русская песня»  халықтық ансамбльінің «Молодушки» вокалды тобы болды. Халықтық әндер  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, өз тыңдаушысы мен орындаушысы арқылы баға жетпес рухани байлықты арқалап келеді. Сондықтан болар  Астана қаласының «Богатица» және Қостанай қаласынан арнайы келген «Казачья воля» ансамбльдерінің әндері де тыңдаушылардың жүректеріне жылы тиді. Әрине адам жанына жеткізе білудің сыры әнді шебер орындауда жатқандығы анық. Барлық қатысушылар өз белсенділіктері үшін Ақмола облысы орыс қауымының төрағасы Александр Артеменконың қолынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар алды.

Халықтық әндер адамдарды жақындастырады. Бұл кешке жиналған қауым да күнделікті қала өмірінің күйбелеңін бір ұмытып, алдағы уақытқа көңілдеріне демеу, ой-саналары мен жүректеріне сергектік сыйлаған әндерді рахатттана тыңдады. Ал өнерпаздарға тыңдаушы құлықтың көрсеткен ең үлкен сыйы ол, сарқылмас алғыс пен ыстық қошеметі болғаны даусыз.

        

Бөлісу: