«Бізде «бардак» көп». Депутат МӘМС жүйесіне қатысты бастама көтерді

15 Мамыр 2023, 12:12 1405

Мәжіліс депутаты Асхат Рақымжанов Денсаулық сақтау министрлігіне МӘМС пен МИБ жүйесіндегі ашық айтылмайтын деректерге қатысты бастама көтерді, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда әр бір алтыншы адамның МӘМС жүйесіне қатысы жоқ. Олардың көбісі ауыл тұрғындары. Сондай-ақ олар еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істеймейді, сондықтан да оларға ешкім медициналық сақтандыру үшін қаржы бөлмейді.

Менің бірінші сұрағым, мұндай санаттағы адамдар медицина көмегін қалай ала алады? Үкіметтен нақты жауап естігіміз келеді. МӘМС төлемін ресми төлемейтін қанша қазақстандық бар? - деді депутат.

Сондай-ақ ол МӘМС жүйесін ақпараттандыру үшін қандай шаралар қолға алынғанын сұрады.

Қазақстандық жүйені халықаралық тәжірибемен салыстыруға келмейді. Себебі бүкіл әлем не бюджеттік, не сақтандыру, не бюджеттік-сақтандыру жүйесін ұстанады. Ал бізде осының барлығын бір жүйеге салып, «бардак» жасап отыр. Қазақстанда бюджеттік медицина, сақтандыру мединасы, міндетті сақтандыру медицинасы және нарықтық жүйе де бар. Осының барлығы бола тұра тағы ақылы медицинаға жүгінеміз, - дейді Асхат Рақымжанов.

Бейресми деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың 15 пайызы ғана МӘМС жүйесін қолданады.

Қазақстандықтар дәрігерге барса да, бармаса да ақша төлеп отыр. Айына кем дегенде 14 мың теңге төлесе, жылына орта есеппен 170 мың теңге төлейді. Дегенмен бұл ақшаны халық қаншалықты қолданады деген сұрақ туындайды, - дейді депутат.

Депутат Денсаулық сақтау министрлігінен 2017 жылдан бері МӘМС-ке қанша қаржы жиналғанын ашық айтуын сұрады.

МӘМС қаражатын пайдалану бойынша толық аудит жүргізу қажет деп есептеймін. Медициналық қызмет тарифіне не кіретіні тіпті шенеуніктерге де құпия. Тарифтердің қалай есептелетінін Қаржы министрлігі де білмейді. Денсаулық сақтау министрлігі тарифтерді көтеру бойынша барлық шешімдерді тәуелсіз сараптамасыз өз бетінше қабылдайды. Бұл жерде тек бақылаушы органдарға ғана емес, барша қазақстандықтарға көбірек ашықтық қажет. Осыған байланысты не істеуді жоспарлап отырсыз? - деп сұрады Асхат Рақымжанов.

Миражан Махан
Бөлісу: