Біз өз халқымызға сенуіміз керек - Эльвира Әзімова

1 Қыркүйек 2022, 17:23 1226

Омбудсменнің айтуынша, қаңтардағы оқиғалар - біз үшін үлкен трагедия, сондықтан нағыз құқық бұзушылық жасағандардың әрекетін ешкім ақтамайды

Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова бүгінгі Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz.
«Бүгін Парламент сессиясының отырысы барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қаңтар оқиғаларына қатысқандарға қатысты ішінара рақымшылық жасау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім құқық қорғау қоғамдастығы мен айыпталушылар, сотталғандар арасында ерекше атап өтілді», - деп жазды Эльвира Әзімова Facebook парақшасында.
Омбудсменнің айтуынша, қаңтардағы оқиғалар - біз үшін үлкен трагедия, сондықтан нағыз құқық бұзушылық жасағандардың әрекетін ешкім ақтамайды.
«Өкінішке қарай, біраз адам мұндай жағдайға алғаш рет тап болды. Олардың көбі жаппай тәртіпсіздікке көпшіліктің ықпалымен және өздерінің басындағы әлеуметтік проблемаларға байланысты қатысқаны анық. Олардың біразы кінәсін түсініп, өкініп отыр. Рақымшылық жасау туралы шешім - Президенттің өзінің конституциялық құқығын іске асыруымен қатар, адамгершілік және отандастарына деген сенімі деп білемін. Біз өз халқымызға сенуіміз керек», - дейді ол.

Бөлісу: