Біз проблемалық мәселелерді көбірек айтуымыз керек - Олжас Бектенов

Бүгiн, 10:52 203

Газды дамыту мәселесі бойынша өткен Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов саланың проблемалық мәселелеріне назар аударды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыстарыңызда ешқандай проблемалық мәселелер жоқ па? Жұмыстың тек оң нәтижелерін ғана көрсеттіңіз. Біз проблемалық мәселелерді көбірек айтуымыз керек, оларды жарыққа шығарып, талқылауымыз қажет, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Қашаған МӨЗ-дегі ағымдағы жағдай туралы баяндады.

Қашаған газ өңдеу зауытында проблемалар болды. Құрылыс жұмыстары баяу қарқынмен жүрді. Қазіргі уақытта жаңа бас мердігер келгендіктен құрылыс жұмыстары бойынша мәселелер 100% шешілді. Бүгінде құрылыс кеңейтілген. Қазір құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды жоспарлап отырмыз, — деп түйіндеді Санжар Жаркешов.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: