«Біз Қазақстанмен орнаған достықты қадірлейміз»

16 Сәуір 2018, 03:15 1637

ҚР-дағы Тәжікстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Назирмад Ализоданың бұл сөзі Қоғамдық келісім сарайында Қазақстан мен Тәжікстан арасында орнаған дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына арналған кездесуде айтылды. Достық пен өзара құрметтің жақсы дәстүріне сүйенген елдер екі жақты қарым-қатынасты стратегиялық әріптестік пен одақтас болудың жоғары деңгейіне шейін алып шықты.

Іс-шараны Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова ашты. Меймандарды қошеметтей отырып, қазақстандықтарға Тәжікстанның Бируни, Рудаки, Ибн Сина сияқты көрнекті мәдениет қайраткерлерінің есімі жақсы таныс екенін айтып өтті.«Ортақ достық қарым-қатынас, ғасырлар бойғы тарихи мәдени салт-дәстүр бізді бұрыннан байланыстырып жүр. Қазірде мұны берік экономикалық байланыс толықтыра түсті. Көкшетау қаласындағы кәсіпорынның бірінде Тәжікстанның өкілдері басшы болып отыр. Облыста өткен жылыалғаш рет тәжік этномәдени бірлестігі құрылды.Жасспортшыларымыз Тәжікстанда болып қайтты».Ол арадағы жақсы қарым-қатынас әрмен қарай жалғасатынына үмітпен қарайды.

ҚР-дағы Тәжікстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Назирмад Ализодабірлесіп жұмыс істеген 25 жылтамаша жетістіктермен есте қалатыны, ынтымақтастықтың көптеген негізгі позициясы бойынша сапалы өсім болып жатқаны туралы айтты. «Бұған халқымыз мүдделі және бұл жерде Орталық Азияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауға кепіл бар. Осы кезең ішінде Қазақстан сыртқы экономикалық серіктес ретінде жетекші орынға бекіді. 2017 жылғы тауар айналым көлемі 800 млн.-нан астам доллар болып, оны айтарлықтай өсіру жоспарланған. Дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына25 жыл толуына орай осы жылдың 14-15 наурызында Тәжікстан президенті Қазақстанға ресми сапармен келді. Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзара татулыққа қол жеткізудегі зор үлесі айрықша айтылды».

«Оқжетпес» жасөспірім футбол орталығының аға бапкері Дмитрий Карпов өз командасының 27 наурыз бен 5 сәуір аралығында Тәжікстанға Достық кубогына сапарынан, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен болған кездесуден алған әсерімен бөлісті.

«Санги-Кабуд» тәжік ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің орынбасары Саламиддин Мирзорахматов Қазақстан қиын сәтте қол ұшын созғанына оның халқы алғыс айтатыны, Тәжікстанмен әуе байланысын бірінші болып жолға қойғаны туралы айтып берді. 20 жыл бұрын соғысқа оранған елінен қашқандар Алматыға келгенде, қазақ ақыны және ойшылы Олжас Сүлейменов қала билігіне тәжік диаспорасына көмектесу керек деп жүгінген соң солай жасалды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет біртұтастығын сақтау мен халық достығын нығайтуға, тату-тәтті көрші қатынасын дамытуға мүмкіндік беретін ұлтаралық келісімнің тұжырымдамасын дайындады.

«Біздің байланыс ғасырлар қойнауына кеткен. Памир тауынан бастау алып, ар жағында Ұлы далаға, Арал теңізіне ағып келетін әйгілі Әмудария мен Сырдария өзені бойындағы бір жердежүз жыл өмір сүріп жатырмыз. Халқымыз бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге, ата-бабаларының дәстүрлеріне адал болуға, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты барынша дамытуға жаралған», – деп Саломиддин Мирзорахматов өз сөзін аяқтап, осылайша жиналғандардың көңіл-күйін білдірді.

 

 

 

 

 

 

Бөлісу: