Биылғы марапаттау рәсімі жылдағыдан ерекше - Аида Балаева

21 Қазан 2022, 19:03 3322

Бұл туралы «Мерейлі отбасы-2022» байқауының марапаттау рәсімінде айтты

Аида Балаева «Мерейлі отбасы-2022» байқауының марапаттау рәсімінде жеңімпаздарды құттықтады, деп хабарлайды El.kz.

Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Әйелдер істер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева алғашқы сөзінде биылғы отбасы байқауының марапаттау рәсімінің ерекше екеніне тоқтала кетті.

«Биылғы марапаттау рәсімі жылдағыдан ерекше. Себебі салтанатты шара бүгінде ұлттық мәртебе алған Республика күні қарсаңында өтіп жатыр. Республика күні - еліміздің Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамын айшықтайтын, халқымыздың бірлігі мен берекесін одан әрі нығайтатын ең маңызды ұлттық мейрам. Баршаңызға мереке құтты болсын!», - деді ол.

Сондай-ақ Аида Балаева «Мерейлі отбасы-2022» байқауына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударды деп отыр.

«Осы жылдар ішінде үлгілі отбасы мәртебесіне елімізден 20 мыңнан астам жанұя ие болды. Өздеріңізге мәлім, күні кеше Президентіміз бірнеше отбасын арнайы атап өтті, осы байқаудың мән-маңызына ерекше назар аударды. Бүгін де өздеріңізге деген ыстық лебізін жеткізіп отыр», - деді Аида Балаева.

Сөз соңында Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Әйелдер істер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Мерейлі отбасы - 2022» ұлттық конкурсының лауреаттарына жолдаған құттықтауын оқып берді.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: