Биылғы астық жинау науқаны қалай жүріп жатыр?

3 Қазан, 18:20 446

Елімізде астық жинау науқаны басталды. Бүгінде еліміздің бірқатар өңірі астық жинау жұмыстарын толығымен аяқтады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратынша, биыл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда егін жинау науқанында 50 пайызға көп бастырылды. Бұл жоғары өнімділікті көрсетеді.

Қазірде астық алқаптардың 30%-дан астамынан жиналды.

«Родина» агрофирмасы Ақмола облысында бірінші болып егін жинауды аяқтады

Бүгінде Ақмола облысы Целиноград ауданының «Родина» АФ ЖШС бірінші болып егін жинау науқанын аяқтады.

Қазақстанның Еңбек Ері Иван Сауэр басқарған 25 жылдық тарихы бар кәсіпорын елдегі озық шаруашылық болып саналады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, науқан барысында 46 мың гектардан астам егіс алқабы жиналған. Ораққа 63 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы қатысты, оның ішінде заманауи 35 бірлік комбайн мен 9 бірлік трактор бар. Облыстың көптеген аймақтарындағыдай, агрофирма алқаптарындағы орташа өнімділік 19 ц/га құрады, бірақ минералды тыңайтқыштар қолданылып, барлық агротехникалық шаралар сақталған жекелеген алқаптарда өнімділік 27 ц/га жетті.

Егін жинау науқанының басында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров облыс әкімдерінің орынбасарына бірқатар тапсырма берген еді.

Шаруалар көтерген барлық мәселелерді жедел шешу қажет. Кеше ғана Қостанай облысындағы элеваторға бардым, онда адамдар тапшылығына байланысты 3 ауысымда жұмысты ұйымдастыру мүмкін болмады. Қазір астық қабылдау кәсіпорындарының тәулік бойғы жұмысын істеуіне көметесу керек,  сол кезде алдағы уақытта машиналар жиналмайды, ал адамдар кезекте тұрмайды», - деді министр.

Астық кептіру

Егін науқанындағы басты мәселелердің бірі – жауын-шашынның көп болуы. Өкінішке қарай, елімізде астық кептіру агрегаттарының жетіспеушілігі мәселесі ерекше өзекті болып табылады. Өңірлерде тәуліктік қуаты 923 мың тонна болатын 1,3 мыңнан астам астық кептіргіштер бар. 2023 жылдың күзінде 78 агрегат сатып алынды, қазіргі уақытта қосымша қажеттілік тағы 82 агрегатты құрайтын көрінеді.

Айта кетейік, биыл астық кептіргіштердің лизингі бойынша жаңа кредиттік өнім әзірленді, қаржы институтына кептіргіштерді жеңілдікпен кредиттеуге 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, бұған дейін «ҚАФ» АҚ мобильді аппараттарды сатып алуды қаржыландырған болатын, қазіргі уақытта лизинг бағдарламасы бойынша стационарлық астық кептіргіштерді жылдық 9%-бен 7 жылға 15% аванспен сатып алуды қаржыландыру туралы шешім күтілуде. Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап астық кептіргіштерді сатып алу шығындарының 30% субсидиялауға мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдау құралы көзделген.

Биылғы егін науқанында өңірлерге 192 мың тонна арзандатылған дизель отыны жөнелтілген. Бұл жоспардың 54 пайызын құрайды. Сондай-ақ, дизель отынының қосымша көлемі 67,7 мың тонна және сұйытылған газ-5 мың тонна бөлінді. Айдарбек Сапаров облыс әкімдіктеріне ЖЖМ-ны кестеге сәйкес жөнелтуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Тынайтқыштар

Егін науқанындағы тағы бір маңызды мәселе – тыңайтқыш.  Ауыл шаруашылығының жоспары бойынша 1,5 млн тонна болса, 1,2 млн тонна тыңайтқыш жөнелтілген. Бұл жоспардың 78% құрайды. Көрсеткіш бойынша, Ақмола және Түркістан облыстарын қоса алғанда, бюджетке қаражат аударған немесе қайтарған артта қалған облыстардың қатарында. Министр бұл қаражатты басқа мақсаттарға пайдалануға болмайтынын көрсетіп, минералды тыңайтқыштарды жөнелту жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

12 қыркүйекте Қазақстанда 5,4 млн га астық алқабы жиналып, 8 млн тонна бастырылды. Егін жинау науқаны басталғаннан бері республиканың элеваторларына 880 мың тоннаға жуық астық түсті, сандық сапалық есепке сәйкес келіп түскен астықтан 61,4%-ы 3-сыныпты бидайға жатады.

Қазан айында «Қазақстан темір жолы» 1,3 млн тонна астық жүктерін тасымалдауды жоспарлап отыр

Қыркүйек айында жалпы Қазақстанда 17,2 млн тоннадан астам астық бастырылды. Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 11,7 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 14,7 ц/га болған кезде 17,2 млн тоннадан астам астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Мәселен, бидай 9,1 млн га алқапқа жиналды, өнімділігі 14,2 ц/га 12,8 млн тонна, арпа – 1,9 млн га, өнімділігі 16,5 ц/га 3,1 млн.тонна, сұлы – 153,9 мың га, өнімділігі 15,6 ц/га 240,6 мың тонна.

Биылғы жылы майлы дақылдар 263,7 мың га алқаптан жиналды, орташа өнімділігі 11,6 ц / га 304,6 мың тонна бастырылды. 76,5 мың гектар алқаптан 233,3 ц/га өнімділік кезінде 1,7 млн тоннадан астам картоп жиналды, көкөніс дақылдары 91,3 мың гектардан 243,9 ц/га өнімділік кезінде 2,2 млн тоннадан астам жиналды. Бақша дақылдары 94,3 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 258,4 ц/га, жалпы алым 2,4 млн тоннадан асты. Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың Орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылды. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.

Қыркүйек айында 1 млн тоннадан астам жаңа астық, оның ішінде 867 мың тоннасы экспортқа өткен айда ҚТЖ желісі арқылы тасымалданған.

Орталық Азия елдеріне 457 мың тонна, Қытайға — 187 мың тонна астық, тағы 140 мың тонна астық Ақтау порты арқылы Иранға экспортталды. Қазан айында 1,3 млн тонна астық жүктерін тасымалдау жоспарлануда. Жалпы, биылғы жылдың 9 айында 6,6 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде экспортқа — 5 млн тонна. Тасымалдауды және өзара іс-қимылды талқылау үшін компания өкілдері өңірлерде фермерлермен, астық нарығына қатысушылармен, элеваторлардың иелерімен кездесулер өткізді.

Миражан Махан
Бөлісу: