Биыл бірінші сынып оқушылары бір тілде ғана білім алады - министр

9 Шілде 2022, 04:49 1988

Сондай-ақ министр педагогтардың мәртебесін көтеру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтиже бере бастағанын жеткізді. 

Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Министр 1 қыркүйектен бастап білім саласына енгізетілетін жаңалықтарды атап өтті. Яғни биылғы оқу жылынан бастап қазақ мектебінің бірінші сыныбына барған балалар тек қазақ тілінде білім алады.

Мұның алдында бірінші сыныпқа барған бала ағылшын тілінің әліппесін оқу керек болды. Орыс тілінің әліппесін, қазақ тілінің әліппесін оқу керек болды. Бұл 6 жастағы бала үшін қиын. Баланы дамыту үшін ана тілін үйретіп алған өте маңызды. Біз сол шешімді қабылдадық. Биылдан бастап қазақ тілді мектепке барған балалар, тек қаза тілінде жазып, үйренетін болады – деді, Асхат Аймағамбетов. 

Сондай-ақ министр педагогтардың мәртебесін көтеру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтиже бере бастағанын жеткізді. 

Мұғалімдерді өздеріне тән емес жұмыстардан босаттық. Жалақысы өсті. Қазір бұл мәселе негізінде шешілді. Соның ішінде әртүрлі құжат, әртүрлі есеп тапсыру бойынша үлкен проблема болды. Жалпы мен қол қойған бұйрық бойынша педагог біріншіден, күнделікті электронды журналға баға қояды. Екіншіден, күнделікті оқу жоспарын дайындайды. Бітті, басқа ештеңе болмауы керек. Кімде-кім осы бұйрықты бұзатын болса, онда біз оларды қатаң жауапкершілікке тартамыз. Алдыңғы жылы осы бағытта 700-ге жуық адам түрлі жауапкершілікке тартылды, – деді министр.

EL.KZ
Бөлісу: