Биыл 306 инвестициялық жоба іске асырылады

23 Маусым 2022, 11:05 2719

Оның ішінде шетелдік компаниялардың қатысуымен іске асырылатын 40 жоба бар.

Биыл 3,2 трлн теңгеге 306 инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты, деп хабарлайды El.kz

– Енгізілетін жобалардың ішінде араб инвесторларының Нұр-Сұлтан қаласында көпфункционалды кешен салу, Қарағанды облысында «Татнефть» компаниясының шина зауытын салу, Ақтөбе облысында 48 МВт жел электр стансасының екінші кезеңін жүргізу бойынша ENY General Electric жобасы, баламалы электр көздері бойынша ШҚО, Алматы, Түркістан, Ақтөбе облыстарында 5 жоба іске асырылады, - деді Алмас Айдаров.

Шетелдік инвестициялар ағыны бойынша Қазақстан 46 пайыз үлесімен |Орталық Азияда көш бастап тұр. Соңғы 5 жылда еліміз жыл сайын 20 млрд доллардан аса инвестиция тартқан.

– Президенттің тапсырмасы бойынша биыл сәуір айында елімізде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы жасалды. Аталған пул тоқсан сайын жаңартылып, әкімдіктер мен министрліктер сайтында жарияланды. Бүгінгі таңда бұл пул жалпы көлемі 24,4 трлн теңгені құрайтын 765 жобадан тұрады және 112 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейді», - деді вице-министр.

Бұл жобаларды іске асыру 2025-2026 жылдарға жоспарланған. Қазақстан 2026 жылға қарай шетелдік инвестиция ағынын 25,5 млрд теңгеге арттыруды көздеп отыр.

Бақытнұр Бейсенбай
Бөлісу: