Биыл шағын және орта бизнес субъектілері 1,4 млрд теңге сомасына 364 грант алды

25 Қараша 2023, 02:23 1757

Үкімет бизнесті ынталандыру үшін ауқымды қолдау шараларын жүзеге асырып жатқаны белгілі. ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында ШОБ-ты қолдаудың қаржылай және қаржылай емес шараларын ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау шаралары:

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау
Несиелер бойынша ішінара кепілдік беру
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар
ШОБ объектілері мен индустриялық аймақтарға инфрақұрылым жүргізу

Биыл 678,4 млрд теңгеге 9 079 жоба субсидияланған.

269 млрд теңге сомасына 6 952 жоба кепілдендірілді. 1,4 млрд теңгеге 364 грант берілді. Қажетті инфрақұрылымды жүргізу бойынша 23 жобаны іске асыру үшін 15 млрд теңге бөлінді, - деп атап өтті ведомствода.

Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету қызметтері аудандық деңгейдегі кәсіпкерлерге қызмет көрсететін 189 орталықтардың базасында «офлайн» режимде және www.G4B.kz. веб-порталы арқылы «онлайн» режимінде ұсынылады. 2023 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 37 523 кәсіпкерге 124 662 кеңес берілді.

Берік Арманов
Бөлісу: