Биыл «Самұрық-Қазына» компанияларының жұмысшылары 12 ереуіл өткізген

25 Тамыз 2023, 16:42 1136

Биыл «Самұрық-Қазына» компанияларының жұмысшылары 12 ереуіл өткізген. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы жылдың 7 айында ереуіл саны 5 есе азайды. Ал ықтимал тәуекел аймақтар саны екі есе азайды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, өткен жылы 57 ереуіл болды. Сондай-ақ 68 ықтимал тәуекел аймағы анықталды, - деді Ғибрат Ауғанов.

Еске сала кетейік, елордада «Самұрық-Қазына» АҚ жетекшілігімен омбудсмен қызметінің жұмысы талқыланған отырыс өтті.

Миражан Махан
Бөлісу: