Биыл «Рожковское» кен орнында бірінші газ бен конденсат өндіріледі

2 Қараша 2023, 11:38 711

«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Ақорданың кулуарында жыл соңына дейін қандай жұмыстарды атқаратынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл жылдың аяғына дейін бірінші газ бен конденсат өндіру жұмысын бастаймыз. Қазір дайындық жұмысы жүріп жатыр. «Рожковское» кен орнында жылына 1 миллиардқа дейін газ өндіреміз бе деген жоспарымыз бар. Мұны кезең-кезеңімен орындаймыз, - деді басқарма төрағасы.

Сондай-ақ Мағзұм Мырзағалиев «Рожковское» кен орнында 26 миллиард куб газдың қорда бар екенін атап өтті.

Биылдан бастап біз бірнеше барлауға арналған учаскелерді анықтап, келісімшартқа қол қойдық. Оның ішінде Батыс Қазақстандағы Березовский, Ақтөбе облысындағы Мұғалжар және Маңғыстау облысында орналасқан Жарқын, Болашақ сияқты учаскелер бар. Қаншалықты мұнай немесе газ тартылатынын айтуға әлі ерте, - деді ол.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: