Биыл Қазақстанның су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды

28 Маусым, 15:39 389

Биыл Қазақстанның су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 млрд текше метрге артық.

Былтыр еліміздің ауыл шаруашылығы саласына 14 млрд текше метр су жұмсалды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша республиканың жалпы қажеттілігіне жұмсалған су көлемі 24,4 млрд текше метр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: