Биыл қазақстандықтар Рим, Гуанчжоу және Шанхайға тікелей ұша алады

19 Ақпан, 13:41 424

Қазақстаннан 16 жаңа халықаралық әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың мәлімдеуінше, елдің авиациялық нарығына төрт шетелдік лоукостер кіреді.

Вице-министрдің айтуынша, соңғы жылдары халықаралық әуе рейстерінің саны тұрақты түрде артып келеді. Қазіргі таңда Қазақстан 31 елдің 58 қаласына 119 бағыт бойынша тікелей рейстерді жүзеге асырады.

Биыл Қазақстаннан Рим, Мюнхен, Будапешт, Шанхай, Гуанчжоу, Пусан (Оңтүстік Корея) сияқты ірі қалаларға жаңа рейстер ашу жоспарланған.

Сонымен қатар, елдің авиациялық нарығына төрт ірі шетелдік лоукостер қосылады:

Бұл өзгерістер жолаушылар үшін бюджеттік әуе сапарларын қолжетімді етіп, халықаралық бағыттардың қолайлылығын арттырады.

«Ашық аспан» режимі Қызылорда, Қостанай және Атырау әуежайларында енгізілді. Бүгінде ол барлық халықаралық әуежайларда жұмыс істейді. Бұл қадам Қазақстанның әуе нарығын дамытуға, бәсекелестікті арттыруға және жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: