Биыл қант диабетімен күреске 70 млрд теңге жұмсалады

5 Қаңтар, 12:25 339

Қазақстанда қант диабетімен күреске жұмсалатын қаражат көлемі жыл санап өсіп келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Егер 2021 жылы қант диабетіне қарсы дәрі-дәрмек сатып алуға 31 млрд теңге жұмсалса, 2024 жылы 56,3 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі сатып алынған. Ал 2025 жылғы жоспар – 70 млрд теңге. Жыл сайын қант диабетін емдеуге арналған дәрі-дәрмек шығындарының көлемі жыл сайын 24 пайызға артып отыр. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектеновтің Сенат депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды.

2024 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша, Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандар саны жарты миллионнан астам (522 224):

І тип: 29 889 (5%),
ІІ тип: 492 335 (95%).

2024 жылы қант диабетін анықтау бойынша 1,6 миллион адам скринингтен өтсе, олардың 10 пайызынан гипергликемия белгілері анықталған. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: