Биыл өрт сөндірушілердің жалақысы 60 пайызға дейін өсті

22 Мамыр 2023, 09:51 1050

Биыл ТЖМ өрт сөндірушілерінің жалақысы 60 пайызға дейін көтерілді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

​Соңғы төрт жыл ішінде ТЖМ өрт сөндірушілерінің жалақысы жыл сайын артып отырды. Атап айтқанда, 2020 жылы 65 %-ға, 2021 жылы 10 %-ға, 2022 жылы 3 %-ға, 2023 жылы 60 %-ға көтерілді. Сондай-ақ, төтенше жағдайға жедел ден қоюға тұрақты дайындығы үшін лауазымдық жалақының 10% мөлшерінде үстемеақы енгізілді.

ТЖМ құтқарушыларының да жалақысы артқан. 2022 жылы 23 %-ға, 2023 жылы 18 %-ға көтерілді. 

Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап  құтқарушыларға денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін лауазымдық жалақының 70 % мөлшерінде қосымша ақы енгізілген. 

Миражан Махан
Бөлісу: