Биыл миллионға жуық қарағандылық баспаналы болады

1 Қыркүйек 2022, 08:31 990

 Мұндай тұрғын үйлер Балқаш пен Шахтинск қалаларында да салынуда.

Биыл Қарағанды облысында үй кезегінде тұрған 1 мыңға жуық адам баспаналы болады. Олардың ішінде 200 көпбалалы ана бар. Сондай-ақ жеке құрылыс үшін жер телімдері дайындалып жатыр, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайрат Қамзин тұрғын үй құрылысының қарқыны туралы айтып берді.

Облыста «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында баспана құрылысы бірнеше бағытта жүріп жатыр. Олар – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін арендалық пәтерлер және несиеге берілетін тұрғын үйлер.

Сатып алу құқығынсыз пәтерлер Қарағанды, Приозерск, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларында, сондай-ақ Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандарында салынады. Жаңа тұрғын үй салудан басқа, облыста бос тұрған үйлерді қалпына келтіру тәжірибесі қолданылады. Қазір Доскей ауылында, Шашубай кентінде және Ақтоғай ауданында үйлер қалпына келтіріліп жатыр, - деп хабарлады Қайрат Қамзин.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін несиелік 4 үй (үшеуі Қарағандыда және біреуі Теміртауда) пайдалануға беріледі. Мұндай тұрғын үйлер Балқаш пен Шахтинск қалаларында да салынуда.

Жеті айда облыста 254,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1% көп.

Басқарма басшысының мәліметінше, 1 200 жер учаскесі инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Жұмыстар Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран, Шахтинск қалаларында және Бұқар Жырау ауданында жүргізілуде. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін тұрғындар өз үйлерінің құрылысына кірісе алады.

EL.KZ
Бөлісу: