Биыл МӘМС-ке қанша ақша төлейміз?

29 Қаңтар, 12:16 734

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы мөлшері ұлғайды. Ол бірнеше төлемнің көлеміне әсер етті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биыл қазақстандықтар медсақтандыру үшін қанша төлеу керектігін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3% мөлшерінде аударымдар жүргізеді, бұл ретте салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс, яғни жұмыс берушінің аударымдарының ең жоғары төленетін сомасы айына 25 500 теңгені құрайды.

Бұл қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оларды жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарты негізінде қызмет көрсететін жалдамалы жұмыскерлер мен қызметкерлер МӘМС-ке ай сайынғы табысының 2% мөлшерінде жарна төлейді. Салық салу объектісі барлық жұмыс орындарынан айына 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауы тиіс, яғни қызметкердің жалақысына қарай, төлейтін ең жоғары жарнасы 17 000 теңгені құрайды.

Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ЕТЖ-дан 5% төлейді. 2024 жылы: (1,4 * 85 000) * 5% = 5 950 теңге.

Дербес төлеушілер ең төменгі жалақының 5% көлемінде, яғни 4 250 теңге жарна төлейді.

Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін 2024 жылы 5852,63 теңге жарна төлейді.

МӘМС-ке аударымдар әр жұмыс орнынан аударылады, бірақ 25 000 теңгеден аспауы керек. (850 000 теңгенің 3%).

Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жүйесінде сақтандырылу үшін  өткен 12 айдың берешегін жабу керек немесе алдағы 1 жылға жарна төлеуге болады. Бұл жағдайда төлемді әр айға жеке-жеке төлеген жөн. 

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: